ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті жуырда Семей қаласында қазақ тілі оқытушылары арасында республикалық байқау өткізді. Оған Атыраудағы «Тіл» оқу - әдістемелік орталығының оқытушысы Қайырбек Кенжалиев қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Байқаудың мақсаты - ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларды ынталандыру. Сондай-ақ, тіл оқыту орталықтарының авторлық бағдарламаларын қолдау.
Конкурс үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тілінен заманауи технологияларды қолдана отырып, орта және жоғары деңдейдегі сабақ үлгілерімен таныстырды. Ал екінші кезеңде берілген сұрақтар бойынша сабақтың түрі мен әдістеріне анықтама беріп, талаптары мен тиімділігін айтты. Соңғы айналымда үміткерлер 4 түрлі сөйлеу әрекетін қолданып В2 деңгейіне сәйкес келетін сынама топ мүшелерімен сабақ жүргізді.
Нәтижесінде Атыраудан қатысқан қазақ тілі оқытушысы Кенжалиев Қайырбек бас жүлдеге ие болды.