Атырауда облыс әкімінің грантына құжат қабылдау жүріп жатыр. 14 тамызда басталған грантқа құжат тапсыру мүмкіндігін 1, 2, 3 курс студенттері де пайдалана алады.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты.
«Қазіргі уақытта түрлі мамандықтарға облыс әкімінің 295 гранты қарастырылып отыр.Осылайша,ағылшын тіліне – 31, дене тәрбиесіне – 43, ландшафт – 4, театр – 4, психология – 19, медицина – 72, экология – 4, теология – 2, жылу энергетикасы саласына -1 үміткер құжат тапсырды», – деп жазды облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграм парақшасында.
Айта кетейік, құжат қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады. Гранттарға құжаттарды Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне тапсыра аласыздар.