Атырауда Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау басталды

Атырауда Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау басталды
(0 Votes)

Сәуірден бастап ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға қабылдауды бастады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша филиал директоры Еркебұлан Ғабдығапаров баспасөз мәслихатында мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Биыл білім алуға 120 магистрлік және 12 докторлық грант бөлінген. Құжаттарды қабылдау 25 маусымға дейін онлайн форматта жүзеге асырылады.

Қабылдау үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқысы – 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін аналитикалық эссе жазу. Қорытынды сұхбат кезеңі 8-23 шілде аралығында Академия қабырғасында өтеді. Ал ақырғы нәтиже 8 тамызда белгілі болмақ.

Магистратураға үміткерлер үшін еңбек өтілі кемінде 3 жыл, ал докторантура үшін 5 жыл болуы тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік органның жолдамасы, шет тілі және мемлекеттік тілді меңгеруді растайтын сертификаттар талап етіледі.

Еркебұлан Ғабдығапаровтың айтуынша, биыл қабылдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілген.

– Академияға биылғы қабылдау бұрынғыдан да жүйелі ұйымдастырылып отыр. Мәселен магистратура бағдарламаларына еңбек өтілі бойынша талаптар күшейтілді. Сондай-ақ жаңа «Цифрлық мемлекеттік басқару» бағдарламасы қосылды. Бұл – заман талабына сай, мемлекеттік аппараттың цифрлық трансформациясын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Академия – кәсіби дамуға ұмтылған әрбір мемлекеттік қызметші үшін ерекше мүмкіндік,- деді ол.

Спикердің сөзінше, академия тыңдаушылары шетелдік тағылымдамалардан өтіп, ғылыми жобаларға қатысу, кәсіби профессорлардан дәріс алу және «Жас мемлекеттік қызметшілер үйінде» тұру мүмкіндігіне ие болады.

Толық ақпаратты академияның ресми сайты – apa.kz және әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT