Атырауда биыл 7 мектеп пен 1 жапсаржай пайдалануға беріледі

(0 Votes)

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев telegram каналында жазды. Облыс әкімінің орынбасары кеше жұмыс күнінің аяғында мектептер құрылысына жауапты жұмыс тобымен кездесіп алдағы жоспарларды пысықтағанын хабарлады.

“Жоспарымызды нақтылай келе, жыл аяғына дейін жалпы саны 6450 орынға шақталған жаңа мектептер оқушыларға қызмет етеді деп күтілуде. Қолданысқа берілетін жаңа мектептер қатарында Атырау қаласы бойынша 5 мектеп бар.

Нақтыласақ, облыс орталығындағы Нұрсая, Сарыарқа ықшамаудандарындағы Binom мектебі, Жаңаталап, Ақжар ауылындағы мектептер, Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп және Махамбет ауданында, Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында мектептің жапсарсайы қолданысқа берілмек.

Келесі жылы облыс бойынша 18 мектеп қолданысқа беріледі. Оның ішінде, 9 білім ордасы «жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады. Осылайша, мектептердің 2 ауысымда білім беретінін ескерсек, 2023-2024 жылдары мектептерде 26 мыңнан астам орын құрылады”,- деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT