«Жыл тәрбиешісі - 2019» байқауы

(0 Votes)

Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың озық тәжірибелерін анықтау және мектепке дейінгі жаңартылып жатқан білім беруде инновациялық технологияларды іздестіру, тәрбиешілердің білім дәрежесін, шығармашылығын, іздемпаздықтарын дамыту мақсатында «Шапағат» шипажай – бөбекжай балабақшасында балабақшаішілік «Жыл тәрбиешісі - 2019» байқауы өтті.

Байқауда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау арқылы тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиенің үрдісіне жаңа технологияларды енгізу көзделді. Байқау талаптары бойынша 6 кезеңдегі тапсырмаларды орындауға балабақшаның 6 тәрбиешісі қатысты. Барлық кезеңдердің қорытындысы сарапталып, бірінші орын «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Д.Алибаеваға, екінші орын «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Г.Жақсыбаеваға берілді. Ал үшінші орынды «Ақбөбек» тобының тәрбиешісі А.Күмісбаева мен «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі С.Есениязова бөлісті. Байқауға белсене қатысқан тәрбиешілер дипломмен марапатталды.

А.ТУЛЕКБАЕВА,

балабақша әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521