Жігітті жігерлендірген 1 жыл

(0 Votes)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Түсінген жанға, айтулы мерекенің орны тым бөлек. Себебі, ел қорғайтын азаматтарымыздың барында біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз, тыныштығымыз бен бірлігіміз үстемдік құрмақ.

Алматы қаласындағы №0111 әскери бөлімі шаһардағы қоғамдық тәртіпті қадағалап, түзету мекемелерін күзетеді. Ішкі әскердің негізгі міндеті де осы, мемлекеттің ішкі ұлттық қауіпсіздігіне және қарулы қақтығыстарды болдырмауға жауап береді. Аталмыш әскери бөлімде азаматтық борышын өтеп келген сарбаздың бірі – Елдос Бақтығалиев. Ол 1997 жылы Мақат ауданында дүниеге келген. Кешегі бозбала бүгін қатардағы жауынгерге айналған. Ол орта мектепті аяқтап, Атырау көлік және коммуникация колледжін тәмамдаған. Спортқа жақын жігіттің мақсат-мұраты биік.

Ол әскерге баруды бірінші орынға қойған еді . Сондықтан өткен жылы Алматы қаласындағы «Батыр» президенттік полкінде №0111 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келді.

– «Ер жігіттен не пайда, қолына қару алмаса, елін, жарын, туғанын дұшпаннан сақтап қалмаса» деген бұрынғылар. Біздің заманымыз тыныш, бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, қолға қару алып, ерлік жасау- шарт емес. Ал, әскерге бару- әрқайсымыздың Отан алдындағы ортақ парызымыз, – деді Елдос Бақтығалиев. Ол бір жылдың ішінде әскери тәртіпке төселіп, қатал ережелерге үйреніп қалған. Күн сайын таңертең алтыда ұйқыдан тұрып, дене шынықтырумен айналысады. Әскердегі сәтін еске алған Елдос демалыс күндерді асыға күтетіндігін айтты.

Себебі сенбі, жексенбіде сарбаздарға еркіндік берілген. Әркім өзі қалаған ісімен айналысады. Казармада достарымен бірге жиналып, қосыла ән шырқайды. Бала күнгі, студенттік шақтардағы әндерді әуелетіп, рухани байып қалады. Қолы босай қалса, кітапханаға жүгіреді. Газет-журналдарды ақтарып, хабар-ошармен танысады. Туған ауылы, ата-анасына деген сағынышы да бар. Көкіректі сағыныш кернеген сәтте сарбаздар көңілдегісін әнмен жеткізеді. -

Ер жігітке тән бір борышты өтегенімді мақтаныш етемін,-дейді Е. Бақтығалиев.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521