Кәсіп ашуға ниеттілерге тегін оқу

(0 Votes)

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясындағы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ауданымызда кәсіпкерлік негіздеріне арналған тегін оқыту болды.

Оған бизнес-тренер Қ.Шарипов дәріс берді. Бағдарламаға ауданымыздан 26 адам қатысып, бизнес ісіне дайындықтардан өтіп, өздерін шыңдай түсті. Жобаның мақсаты- халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. «Бастау-бизнес» кәсіпкерлікке беретін арнайы жоба аясында оқу курстары біткеннен кейін сертификат, стипендия беріледі және бизнес ашу үшін пайызы төмен шағын несие алуға мүмкіндік береді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» ережесіне сай оқу курсына қатысушылар «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» мен «Аграрлы несие корпорациясы» қаржыландыратын микроқаржы ұйымдары тарапынан берілетін несиеге қол жеткізе алады.

Оқыту курсының алғашқы күніне Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры А.Әбілғазиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мендалиева, Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Өтешова қатысты. Г.Өтешова жобаға қатысушыларға өз бизнестерін ашу жолында сенімді болуға шақырды. Кәсіпкерлер палатасы бизнесті заңды жолмен ашудың жолын үйретіп, ұсыныстар берді. Барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін оқыту үлгісі тегін жүргізілді. Тыңдаушылар жағынан өз кәсіпорнын ашу мен дамыту бағытында көптеген сұрақтар түсті. Диалог барлық жақтарға қызықты әрі пайдалы болды. Бағдарламаға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, өз бизнесін ашқысы келетіндер сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлер қатысуға мүмкіндік алды.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521