Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 24 қыркүйегі күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып: Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!
Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.
Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатыса алады. Ол – 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгінгі студенттерге тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушімен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы олардың болашақта табысқа жетулерінің кепілі екенін білу маңызды.
Біздің мамандар зейнетақы калькуляторының көмегімен тұрақты жарналар есебінен болашақ зейнетақыны айтарлықтай көбейтуге болатындығын көрнекі түрде көрсетеді.
Біз болашақ салымшыларымызды бүгіннен бастап күтеміз!
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат 10-00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e38790bd5c4fc91fa93af9264ad1cf168 бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2512 484 2131 және event-мәжіліс паролін 123456 енгізіңіз.