ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

(0 Votes)

 Ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында "Қуатты Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет" деген формуланы белгілеп, саяси жүйені жаңғыртуды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте модернизациялық процестердің негізі "құлақ салар мемлекеттің" құрылуын, билік пен қоғамның тиімді тұрақты диалогын құруды анықтады. Осыған байланысты біздің, мемлекеттік органдар алдымызда барынша ашық болып, халық сауалына жедел және тұщымды жауап беру міндеті тұр.

Қазірдің өзінде халықпен кері байланыс орнату мақасытнда бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр. Телеграм чатында толассыз арыздар мен өтініштер, пікірлер мен ұсыныстар  мемлекеттік органдардың азаматтардың түрлі санаттарына қызмет көрсетуіне, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпаратты ұғынықты тілде түсіндіруі үшін пайдаланылуда.

Президент сондай-ақ азаматтық қоғамды қолдау мен нығайту, оны ең өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажеттігін атап өтті. Халық пен биліктің байланысын арттыру мақсатында, жақында ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды, оның бірінші отырысы 6 қыркүйекте өтті.

Президент алға қойған міндеттерді табысты іске асыру үшін Үкімет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі талап етіледі. Осыған байланысты қолға алынған шаралар да айтарлықтай.

Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша елеулі іс тындырылуда: атаулы әлеуметтік көмек жүйесін оңайлату, тұрғын үй беру, несие бойынша қарыздарды есептен шығару жұмыстары нәтижелі жүргізіліп келеді.

Жандарбек САРБАСОВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT