Аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру конференциясы өтті

Аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру конференциясы өтті
(0 Votes)

Бүгін «Әлеуметтік кеңсе» ғимаратында Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру конференциясы өтті. Шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов пен Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов арнайы қатысты.

Жиында ардагерлердің аудан өміріне қосқан үлесі сараланып, атқарылған істер қорытындыланды. Аудандық ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар абыроймен басқарған Сәбит Халеновке алғыс білдіріліп, иығына шапан жабылды.

Сонымен бірге, жаңа төраға болып Мәлік Тәжімұратов сайланды. Ұзақ жылдар мұнай саласында еңбек еткен Мәлік Әнесұлына жиналғандар сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Конференция соңында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының арнайы төсбелгілері табысталды.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT