ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

(0 Votes)

 «Talaptan Grants» бағдарламасы – жастардың әлеуетін арттырып, қоғамға пайдалы іс бастауына мүмкіндік беріп отыр. Аталған бағдарлама аясында жеңімпаз атанғандардың бірі – Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Данагүл Нұрышева.

Мұғалімдік қызмет атқарып жүрген Данагүл Нұрышева жастармен тығыз жұмыс істеп жүріп, олардың білімге, өзін-өзі дамытуға деген ынтасын байқаған. Дегенмен, ауылдық жерде ондай мүмкіндік пен орта аз екенін түсінген ол көптен бері жастардың басын қосатын, білім мен шығармашылыққа жол ашатын заманауи орталық ашуды армандап жүрген.

«Мен өз оқушыларым мен ауыл жастарының идеяларын жүзеге асырып, дамуына жағдай жасағым келді. Сол мақсатта «Talaptan Grants» жобасына өтінім беріп, бақ сынадым. Нәтижесінде грант ұтып алып, көптен бері ойда жүрген жобамды іске асыруға мүмкіндік туды», – дейді Данагүл Бауыржанқызы.

Жоба аясында Доссор кентінде ашылатын «Jastar Hub» коворкинг орталығы – жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына бағыт талған көпфункционалды алаң болмақ. Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы жастар өз уақытын тиімді өткізіп, жаңа білім алып, кәсіпкерлік пен ІТ салалары бойынша тәжірибе жинай алады.

«Jastar Hub» орталығы жастардың ой бөлісіп, жобаларын талқылап, жаңа идеялар тудыратын еркін алаңына айналады. Мұнда коворкинг аймақ, шағын кітап бұрышы, ІТ үйірмесі мен кәсіпкерлік курстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ психологиялық және кәсіби бағыт-бағдар беретін тренингтер де өткізу жоспарланып отыр», – дейді жоба авторы.

Коворкинг орталығының тағы бір ерекшелігі – ол тек білім алу орны емес, сонымен қатар жастардың шығармашылығын дамытуға, түрлі пікірталастар мен кездесулер өткізуге арналған қауымдастық орталығы болады. Мұнда волонтерлік жобалар мен әлеуметтік бастамаларға қатысуға ниетті жастар бас қосып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

«Біздің мақсат – аудан жастарының өз әлеуетін танып, бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасау. Қазір жастардың көбі смартфон мен әлеуметтік желіге тәуелді. Ал біз сол энергияны пайдалы арнаға бұрып, нақты нәтижеге жеткізгіміз келеді», – дейді Данагүл Нұрышева.

« T a l a p t a n G r a n t s » бағдарламасының басты мақсаты – ауыл мен қала арасындағы мүмкіндіктер алшақтығын азайтып, өңірлік деңгейдегі жастар бастамаларын қолдау. Осындай жобалардың арқасында еліміздің түкпір-түкпірінде ондаған коворкинг, оқыту орталықтары, экологиялық және мәдени жобалар іске асып келеді.

Ал Доссор кентінде қолға алынған «Jastar Hub» – солардың ішінде ерекше орынғаие. Өйткені бұл жоба ауылдағы жас буынға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың кәсіби әрі рухани дамуына жол ашады. Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тірегі. Ал олардың дамуына жолашу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.

Данагүл Нұрышеваның «Jastar Hub» жобасы — осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Жастардың білімге, кәсіпке және шығармашылыққа деген қызығушылығын а р т т ы р ы п , ж а ң а буынның табысты болашағына жол салары сөзсіз.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT