«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында партия филиалы және аудандық АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" мамандарының ұйымдастыруымен "Зейнетақыны жоспарлау" тақырыбымен "Ашық есік күні" өтті.
«Ашық есік күні» барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары келушілерге жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында толыққанды мағлұматтар берді. Сонымен қатар мобильді қосымшаның мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Бұдан басқа, азаматтар ерікті зейнетақы жарналарына да қызығушылық танытты.
«Ашық есік күні» соңында барлық қатысушыларға арнайы бағалау сауалнамасын толтыру ұсынылды. Сауалнамада келтірілген пікірлер мен ұсыныстардың барлығы жақын уақытта ескерілетін болады.
Өз тілшіміз