Бес отбасы баспаналы болды

(0 Votes)

Жұма күні ауданның көпбалалы аналары қуанышқы бөленді. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен жиында 5 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталды.

Оның үшеуі Мақат кенті және екеуі Доссор кентінің тұрғындары. Бұлардың барлығы үй кезегін бірнеше жыл бойы күткен көпбалалы аналар. Жиын барысын аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы ашып "Осыған дейінде бірнеше көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыстаған болатынбыз. Облыс әкімінің қолдауымен ауданымызда осы бағдарлама жүзеге асып, көпдеген аналарды қуантып жатыр. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қоныстарыңыз құтты болсын. Іші баланың күлкісінен кетпесін, сәбилеріңіз көбейе берсін. Ана мен балаға мемлекет қашанда жағдай жасайды, бұл бағдарлама әрі қарайда жалғасын табады",- деп ақжарма тілегін білдірді.

img_2646

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, ауданға екінші дәрежелі тұрғын үй қорынан көп балалы отбасыларға кейіннен сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер алу мақсатында бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша ауданға 157 млн теңге қаржы қарастырылып оған 25 пәтер сатып алу жоспарланды. Осы уақытқа дейін 22 пәтер кілті өз иелеріне табысталды.  Жыл соңына дейін тағы 3 көпбалалы ана  пәтермен қамтамасыз етілетін болады.

img_2652

Жиын барысында баспана атты басты мәселесі шешіліп, қуанышқа бөленгендердің бірі – алты балалы ана Жаңыл Китасова болды. Ол "Мерекеге орай көптен күткен пәтер кілтіне ие болып жатырмыз. Өте қуаныштымын. Отбасымның атынан аудан басшылығына алғысымды білдіремін. Жергілікті билік өкілдерінің тынбай еңбектенуі арқасында біз секілді бақытты жандар қатары толыға берсін, ризашылығым шексіз",- деп ізгі лебізін білдірді. Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов көпбалалылардың көптен күткен қуанышты сәті мен құттықтап, ақ батасын берді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT