Үміткерлер – Бәйгетөбеде

(0 Votes)

20 желтоқсан күні «Есіктен-есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нүрия Меңдалиева, Ұлмерек Елубаева, Әсел Қаржауова «Jas Otan» белсенділерімен бірге Бәйгетөбе ауылдық округіне барды.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда.

imgonline-com-ua-resize-uj2vpdaapsvmizg

Осы мақсатта кандидаттар үй-үйді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция аясында 20 шақты ауыл тұрғындары қамтылды. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінін және болашақта «Халық үніне құлақ асатын» Үкімет концепциясы негізінде барлық депутаттар қызмет атқаратыны жайлы айтылды.

«Есіктен-есікке» акциясы аясында кандидаттар ауданға еңбегі сіңген құрметті азамат Ерғазы Жоламановтың шаңырағына арнайы барып, партияға қолдау танытуға шақырды. Елдегі саяси ақпаратқа қанық ақсақал «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмысын қолдайтынын, партияға дауыс беретінін жеткізді. «Партияға сенім мол. Біз әрқашан партия тарапынан көрсетіп жатқан құқықтық, әлеуметтік көмектерді алып, қолдауын сезініп  отырамыз. Сондықтан, «Nur Otan» партиясына дауыс беретін боламыз», – деді ол.

imgonline-com-ua-resize-qssp8xjb8yk6wdw

Тұрғындар да өз тараптарынан ауылдың өркендеуі үшін бірқатар жұмыстар атқарылғандығын айтып, пікір алмасу сәтінде ауылішілік жол, көше жарығын жолға қою, балаларға спорттық ойын алаңы мен мәдени орталықтың қажеттігін айтып, жұмыссыз жастарды қолдау секілді ұсыныстарын ортаға салды.

imgonline-com-ua-resize-zcarqkb1c4xjvj6

Кандидаттар халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу үшін әлі де партия тарапынан жұмыстар атқарылатынын жеткізіп, «Біз біргеміз!» ұранымен партияға дауыс беруге шақырды.           


М.СЕРІКҚЫЗЫ,

Суреттер автордан

 «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521