Аудан көлемінде 25-28 қаңтар аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ, құқықтық сауаттылықты арттыру болды.
«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуге ауданның полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылып және білім бөлімі, аудандық аурухана, жастар ресурстық орталығы мамандары атсалысты.
Шара барысында кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін, алкогольдік және темекі өнімдерін сатқаны үшін кәсіпкерлік саласындағы қызметкерлерді анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара қорытындысында ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабынын 2 бөлігімен (жасы кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілінсіз жүргені үшін) - 8 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 3-бөлігімен (жасы кәмелетке толмаған жасөспірімнің қоғамдық орында көрінеу масаң күйде жүргені үшін, жыл ішінде қайталанып жасалған іс-әрекет) - 1 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен (жасы кәмелетке толмаған жасөспірімнің қоғамдық орында боқтап-балағаттағаны үшін) - 1 хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Атырау облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
М.БИСЕНБАЕВА,
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны