Атырау қаласында таяуда еркін күрестен 2003-2005, 2006-2007, 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті.
Аталмыш сайысқа Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің палуандары қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. Атап айтсақ, 2003-2005 жылы туған спортшылар арасында Амандық Жұмабай (55 кг) және Ерасыл Сайранов (92 кг) І орын, Алпар Мұратұлы (61 кг) ІІ орын иеленді. Ал 2006-2007 жылы туғандар арасында Ербол Маратұлы (71 кг) І орын, Нұрасыл Жаулыбай (45 кг) және ІІ орын, Жансерік Ерғали (92 кг) ІІІ орынмен марапатталды.
Сондай-ақ 2008-2010 жылы туған спортшылар арасында Диас Қарасай (48 кг) І орын, Нұралы Жаулыбай ІІ орын (57 кг), Нұрасыл Жаулыбай (38 кг) және Әлихан Әскербекұлы (57 кг) ІІІ орынды місе тұтты.
Жарыс жеңімпазы атынып, алтыннан алқа тағынған палуандар Амандық Жұмабай, Ерасыл Сайранов, Ербол Маратұлы, Диас Қарасай сәуір айында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.
М.СЕРІКҚЫЗЫ