Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетов Теміржолшылар күніне орай бірқатар сала мамандарын қабылдады.
Аудан басшысы Азамат Саматұлы кәсіби мереке иелерін құттықтап,теміржол саласының ел өміріндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.
“Теміржол – ел экономикасының күретамыры, халық өмірінің маңызды саласы. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген сіздердің ерен қызметтеріңіз әрдайым құрметке лайық. Қиындығы мен жауапкершілігі мол салада адал қызмет атқарып жүргендеріңіз үшін алғысым шексіз”, – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Одан әрі, қиындығы мол салада адал еңбек етіп жүрген бірқатар теміржолшыларға аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табысталды. Өз кезегінде теміржолшылар да жылы лебіздерін білдіріп, көрсетілген құрмет пен сенім үшін ризашылықтарын жеткізді.
Салтанатты қабылдау соңында аудан әкімі мен бірқатар сала мамандары естелік суретке түсті.
Ж.Қамза
Суреттер автордікі