Балалар қуанышына – жаңа алаң

суреттер автордікі
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударған болатын. Осы бағытта ауданымызда бүгінгі күнге дейін бірнеше спорт және ойын алаңдары, спорттық жаттығу алаңдары ашылып, түрлі спорттық шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. 

Осыған сәйкес, бүгін Мақат кентінің «Бостандық» көшесіне жаңа спорт және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Шара барысында алдымен сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов ауданда спорттық инфрақұрылымның халыққа барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізіп, ауыл жұртшылығын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Одан әрі аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Жоламанов құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын аталған алаңды күтіп ұстауға шақырды.

Сондай-ақ, шарада сөз алған ауыл тұрғыны Рая Сағынбаева бұл - ауыл балалары үшін өте қажетті нысан екенін жеткізіп, аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

Әрі қарай салтанатты түрде лента қию рәсімі аудан әкімі Азамат Саматұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Халеновке жолданды.

Айта кетейік, аталған спорт және балалар ойын алаңы мердігер «Дәулет» ЖШС арқылы салынған болатын. Онда әткеншек, сырғанақ, өрмелеуіш секілді 8 ойын жабдықтары мен спорттық құрылғылар бар.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT