Кеше аудандық Жастар ресурстық орталығында «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Talaptan Maqat» жобасы аясында «Talaptan Quiz» зияткерлік сайысы өтті.
Интеллектуалды бәсекеге 16–35 жас аралығындағы 10 команда қатысып, білім мен логика бойынша сынға түсті.
Жеті кезеңнен тұрған сайыс нәтижесінде ІІІ орынды “Кеттік поехали”, ІІ орынды “Движенцы” иеленді.
Ал жүлделі І орынды “Жастар” командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, үздік үштік облыстық кезеңге жолдама алды.
Ж.Қамза
Суреттер автордікі