Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу - басты мәселе

(0 Votes)

Мақат аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, учаскелік полиция инспекторалырмен бірлесе отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары өздерінің бекітілген аймағында зорлық-зомбылыққа душар болған, соның ішінде қолайсыз отбасыларын үнемі тексеріп, тұрғын жайын тексеру іс-шаралары ұйымдастырылып жоспарлы түрде жүргізіліп отырады. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикалық шаралары  тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу  және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық әңгімелесу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, қорғау нұсқамасын шығару, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды полиция бөліміне жеткізу, әкімшілік жаза қолдану профилактикалық шаралары жүргізіледі.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін, хаттама толтырылып іс-құжат жинақталып, аудандық сотқа жолданды.

Жанұя және тұрмыстық жағдайларда болатын құқық бұзушылықтың алдын алуда, жанұя саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамға қорғау нұсқамасы  беріліп профилактикалық есепке алынады, мінез-құлықтарына ерекше талаптарға  ұсыныс жолданады.

Қорғау нұсқамасы берілгеннен кейін 30 күн ішінде  қорғау нұсқамасының талаптарын бұзуы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жұмысы мен акция мақсатын түсіндіріп, сенім телефондары жазылған брошюралар таратылады. Отбасында заңды некедегі жолдасы алкогольді өнімді шектен тыс пайдаланып, отбасына маза бермей, үйінен қуып жіберген кезде, баратын жері болмай қалған жағдайдаполиция қызметкерлеріне хабарлама берген азаматшаларға Дағдарыс орталықтарына орналастыру туралы түсінік жұмыстарын жүргізіледі.

Тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырамауынын алдын алу мақсатында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселері бойынша халықты хабардар ету үшін профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, санитарлық режимді сақтай отырып кездесулер жиналыстар ұйымдастырылуда.          

 

Мақат АПБ ЖПҚб ӘҚЗЗ    
қорғау жөніндегі инспекторы    
полиция капитаны​​​​​​                                                   
К.О.Серикбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521