Тұрғындар тариф құнын көтеруге келісті

(0 Votes)

Аудан орталығындағы Х.Санбаев атындағы орта мектептің акт залында аудан әкімі Ж.Қарағаевтың төрағалығымен өткен жиынға С.Мұқашев көшесіндегі 80/2,3,4,5,6,7,8 пәтерлер тұрғындарымен кездесті.

Жиында ПИК құру мәселесі мен жарна төлеу тарифін бекіту туралы сөз қозғалды. Мақат кентінде "Рүстем" және "Сенім" пәтер иелері кооперативтері қызмет атқаруда.

Мәселен, «Рүстем» пәтер иелері кооперативі 1996 жылы құрылып, қызмет атқарғалы тариф 9 теңге 92 тиын болып бекітілген, сол тарифтен өзгермеген. Қазіргі кезде тұрғындардан жинақталған қаражат өте аз болуына байланыс- ты, мекеменің жоғары деңгейде қызмет атқаруына мүмкіншілік болмай отыр. Осы кооператив қамтып отырған үйлерге тоқталатын болсақ, жалпы қолданыстағы алаңның көлемі 27 200 шаршы метр болса, одан түсетін түсім 270 мыңдай болады екен. Оны да тұрғындар уақытында төлемегендіктен, қаражат уақтылы жиналып болмайды. Осы жиналған қаражаттың ішінде ПИК-тің қызметкерлерінің жалақысы бар. Қазіргі кезде тұрғындардың төлемеген қарыздарын кооператив сот орындары арқылы өндіртіп отыр. Тарифтің төмен болуына байланысты пәтер иелері кооперативі өз жұмысын толыққанды атқара алмай отыр. Аз жалақыға жұмысшылар келмейді, сол себептен де тұрғындар тарапынан ПИК-тің жұмысына наразылықтар айтылуда.

Соның өзінде де көптеген тұрғындар кооператив жарнасын төлемей келеді. Қазірдің өзінде «Рүстем» ПИК-не қарасты 15 үйдің тұрғындарының берешегі 5 458 000 теңге құрап отыр. Кооперативпен 80 пәтер иелеріне қатысты талап арыз сотқа беріліп, сотпен 1 700 000 теңге ақша өндірілген-деді аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы Б.Жайкин.

Жиынға қатысушылар ПИК-тің жұмысына қойылатын талаптар күшейіп, көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстаудағы жұмыстары өз деңгейінде атқарылса, деген ниеттерін де айтып кетті. Тұрғындар ПИК құруға және тариф жарнасының құны әр шаршы метріне 20 теңгеге көтеруге келісімдерін берді.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521