Сор үстінде раушан гүлі өседі

(0 Votes)

Мақат кентіндегі «Туған жер» саябағы таяуда ғана ашылып, пайдалануға берілді.

Аудан орталығының келбетіне сән берген саябақтың ашылуында жастар мен үлкендер, жалпы кент жұртшылығы оның алдағы уақытта гүлденіп, көркеюі үшін жұмыстанамыз деген болатын. Енді міне, өткен сенбі күні «Жалпы республикалық ағаш отырғызу» акциясына орай кент әкімдігі ұйымдастыруымен саябаққа еліміздің оңтүстік өңірінен әкелген 200 түп раушан гүлі егілді. Күн суытып, алғашқы аяз да көріне бастаған тұста енді оны қиып, қысқы күтіп-баптау ісі жалғасатын болады.

-Әзірге бір түрі ғана егіліп тұр. Көктем келісімен, саябақтарға гүл отырғызу, оны күтіп-баптау, суғаруды жалғастыратын боламыз, - дейді кент әкімінің міндетін атқарушы Гүлсара Жаконова.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521