Бүгін Президент Жарлығына сәйкес, елімізде атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өткізіледі.
Осы ретте ауданға қарасты референдум учаскелері таңғы сағат 7:00 ден бастап өз жұмысын бастайды.
Жалпы, Мақат ауданы 1 аумақтық референдум және 12 уческелік референдум комиссиясы жұмыстарын жасайды. Оның ішінде Мақат кентінде - 6, Доссор кентінде - 5 және Бәйгетөбе ауылдық округінде 1 референдум комиссиясы бар. Аумақтық референдум комиссиясында 7 мүше, учаскелік референдум комиссиясында 84 мүшесі референдум процестері бойынша жұмыстарын жүргізеді.Учаскелер түгел қажет материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылған.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мақат ауданы бойынша 16303 дауыс беру құқығы бар азамат тізімге тіркелген.
Өз тілшіміз