Перзентханадағы тарту

(0 Votes)

Отбасы күні қарсаңында Мақат кенті әкімдігі мамандары перзентханадағы жас босанған аналармен кездесті.

Жас аналардың тәуелсіз қазақ елінің болашақ азаматын дүниеге әкеп, тәрбиелеуіне зор денсаулық, қажымас қайрат тілеген кент әкімінің міндетін атқарушы Айбат Құлбаев құттықтады. Отбасының құндылығын ұғынып, келешек ұрпақққа дәріптеуде ананың ролі ерекше екенін айта келе, нәрестелердің бауы берік болып, аман-сау өсіп, өркендеуіне қоғамның ықпалы зор екенін жадылады. Сондықтан, ортақ іске ұйымшылдықпен атсалысып, адам факторы алдындағы жауапкершіліктің жоғарылығын бағалау маңызды. Осы мақсатта жас аналарға көңіл бөліп, аудан, кент басшылығының ізгі ниетін жеткізген А.Құлбаев мерекелік сыйлығын табыстады. Перзентханада сәбилерін өмірге әкелген аналар да жергілікті атқарушы биліктің сый-сияпатын қабылдап, өздерінің өркенді қоғамның өскелең жастарын тәрбиелеудегі жауапкершіліктерін сезіндірген азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521