Олар еңбегімен сыйлы

(0 Votes)

Мақат локомотив пайдалану депосының акт залында өткен бұл жолғы апталық жұмыс жоспары ерекше өтті. Бұған себеп теміржолшылар  зейнетке шығып жатқан әріптестерін салтанатты түрде еңбек демалысына шығарып салды.

Талай жылдар  бойы темір жол саласында маңдай терін төгіп, темір тұлпарды тізгіндеген   Қобланов Бауыржан Сәрсенұлы, Кенжиев Гарифолла Жауынбайұлы және Избасов Шаяхмет Кұспанұлы секілді ағаларына әріптестерінің айтар алғысы зор. Жұмыс жолында елдің игілігі үшін қыстың қытымыр аязы мен жаздың шіліңгір ыстығы демей, түнгі тәтті ұйқыларын қиып жауапты қызметтің қызығы мен шыжығын әріптестерімен бірге көрген алдыңғы буынға Мақат локомотив пайдалану депосының бастығы Абзал Самаликов ақ жол тілеп, алдағы уақытта ағалық ақылдарын айтудан аянып қалмауды сұрады. Жиын барысында ардагер теміржолшыларымыз сөз алып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

А.САДЫКОВ   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521