Ойнап та, ойлап та үлгерді

(0 Votes)

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ең алдымен ата-ананың тәрбиесі негізгі рөл атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақша ұжымына маңызды міндет жүктейді.

Мақат кентіндегі "Болашақ" бөбекжай – балабақшасында "Болашаққа білімді дені сау ұрпақ!" ұранымен өткен спорттық - интеллектуалдық эстафета ойыны – соның бір көрінісі. Ортаңғы "Балауса" және "Самғау" топтары арасындағы жарыста "Самғау" командасы жеңімпаз танылса, ол енді алдағы уақытта өтетін аудандық біріншілікте балабақша намысын қорғамақ.

1 мен 10 арасындағы сандарды ретімен санау, оны кейін санауды үйренген балалар ойнап жүріп, ойлайтын болады.

Табиғат таңғажайыптары мен әріп тану ерекшеліктері сынға түсті. Дене шынықтыру нұсқаушысы С.Амандәулетова сайыс барысында балалардың қимыл белсенділігін арттыра отырып, салауатты өмір салтына бағыттай білді. Балаларды мектепке дайындаудағы аталмыш ойынды ата-аналар да жоғары қызығушылықпен қабыл алды.

Назира ОРАЗОВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521