Музейде балалар күніне арналған сурет байқауы өтті

(0 Votes)

Мақат тарихи-өлкетану музейі 1-маусым  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - мәңгілік ел тұғыры»  тақырыбында аудандағы 1-5 сынып оқушылары арасында онлайн сурет байқауын ұйымдастырды.

Байқау мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырып, отансүйгіштікке баулу арқылы өнерді құрметтеуге тәрбиелеуді мақсат етті. Сурет байқауына қызығушылық танытқан 15 оқушының шығармашылық жұмыстары қабылданды.

whatsapp-image-2021-06-01-at-17_02_02

Әділқазылар ұсынылған суреттердің тақырыпқа сәйкестігін, көркемдік шеберлігін,  безендіру эстетикасын ескеріп, бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша І орын Әділби Асқар, ІІ орын Майя Артурқызы және ІІІ орынды Диас Амандықұлы иеленді. Сондай-ақ, Арсен Қуатұлы, Саян Серікжан, Самал Жайжан, Уәлихан Аманжол алғыс хат пен және естелік сыйлықтармен  марапатталды.

Қ.Айдаралиева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521