Бүгін Доссор мәдениет үйінде мұнайшылар күніне арнайы мерекелік кеш өтті.
Алдымен аудан әкімі Азамат Мәмбетов мұнайшыларды төл мерекелерімен құттықтап, олардың ел экономикасына қосып жатқан ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ, мұнай саласының ардагері Бағыт Мұханбетұлын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің “Еңбек ардагері ” медалімен марапаттады.
Әрі қарай, мұнай саласында тынбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге облыс және аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Мерекелік кеш аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Б.СЕРІК
Сурет автордікі