Ауданда коменданттық сағат режиміне бағынбағандар жауапкершілікке тартылды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 5 қаңтарда «Елімізде төтенше жағдайды енгізу» туралы жарлығына сәйкес, коменданттық сағат енгізілген болатын.

Ауданымызда 11 қаңтардағы мәлімет бойынша күні бүгінге дейін төтенше жағдай режимін бұзған, яғни комендантық режимді сақтамаған 31 тұрғынның дерегі тіркелген. Бұл сандар әлі де өзгеруі мүмкін. Өйткені тексеріс жалғасып жатыр. Қазіргі таңда аудандағы ахуал тұрақты. Барлық маңызды орын қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.     

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі түнгі сағат 11-ден таңғы 7 аралығында жұртшылыққа үйде болуға шақырады. Тыйым салынған уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау баршамыздың міндетіміз екенін ескертеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT