Медиатор – дауды шешу кепілі

Медиатор – дауды шешу кепілі
Суреттер автордікі
(0 Votes)

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайды. 

Медиатор дегеніміз – делдалдық ету, екі тарапты мәмілеге келтіруші. Ауданда медиация институтын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Бұл ретте дүйсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетовтың төрағалығымен аудандағы кәсіби емес медиация қызметін ұйымдастыру бойынша жиын өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кәсіби емес медиаторлардың жұмысын жандандыру, кент және ауылдық округ аймақтарында кәсіби емес медиаторлар құрамын толықтыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Естай Мақсотов ауданда төрт кәсіби емес медиаторлар бекітілгенін, олардың қатарын толықтыру жұмыстары жанданатынын жаңа медиаторларды дайындау, оқыту процестері атқарылатынын жеткізді. Сондай-ақ медиаторларға құқықтық-көмек көрсету бойынша тұрғындардың жаппай баратын орындарына ашық есік күндерін өткізу бойынша ұсыныс берді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрғасы Сәбит Халенов болса, ауданда медиация институтының даму барысы мен бітімгершілік бағытында жүзеге асырылған толымды жұмыстарға тоқталып өтті.

Одан әрі аудандық сот төрағасы Құрмет Орыспаев медиация жұмысын қағаз жүзінде емес, нәтижеге жұмыс істеуге шақырды. Аудандық соттан медиация кабинетін ашуға жұмыстанып жатқанын жеткізіп, медиация құрамына тек ардагерлерді емес, белсенді азматтарды, психолгтарды т.б тартуға шақырды.

Жиын соңында кент және ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері өз аумақтары бойынша медиаторларды ұсынды.

Медиация бүгінгі күні әлемде жанжалдарды шешудің мойындалған және өзін ақтаған әдісі деп айтуға болады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың дауды медиация тәртібімен шешуге белсенді түрде жүгінуі кезінде сот жүйесіне түсетін ауыртпалық айтарлықтай жеңілдейді, соның арқасында ауыр, ірі істердің шешілу сапасы артады. Халықаралық статистикаға сүйенсек, барлық даулардың 30-40 пайызы медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызында оң нәтижеге қол жеткізілген. Сондықтан медиация рәсімінің ауданымызда да кеңінен қолданылып, өз орнын табатынына сеніміміз зор.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT