Жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын медицинаға енгізу – денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл технологиялар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді, диагностиканы нақты жүргізуге және аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
ЖИ негізіндегі жүйелер арқылы медициналық мекемелерде мониторинг жүргізу жеңілдеп, қызмет сапасы мен ресурстарды пайдалану тиімділігі артады. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдау, күрделі операцияларға дайындық және жеке емдеу жоспарларын құру процесі айтарлықтай оңтайланады.
Президент Жолдауында атап өтілгендей, медицина саласын цифрландыру – елдің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтерудің маңызды тетігі. Сондықтан жасанды интеллектті дамыту мен енгізу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
М.Әнесұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы


