Әр ұлттың тарихында елді біріктіріп, жаңа белеске жетелейтін сәттер болады. Сол маңызды кезеңдердің бірі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.
Бұл – жай баяндама емес, елдің даму бағытын айқындаған стратегиялық үндеу. Президент XXI ғасырдың талабын терең түсініп, Қазақстанның келешегін цифрлық технология мен инновацияға негіздеуді мақсат етті.
Жолдауда «Цифрлық мемлекет» тұжырымдамасын жетілдіру, жасанды интеллектіні дамыту, стартаптарды қолдау секілді өзекті міндеттер қойылды. Өйткені цифрлық сауаттылық – жеке азаматтың да, тұтас елдің де табысты болашағының кепілі.
Осылайша, Президент Жолдауы – жаңару мен өркендеуге жол ашқан, халқымызды бір мақсатқа ұйыстыратын тарихи құжат.
Ш.Ищанғалиев,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі



