Этносаралық ынтымақ – ел тірегі

Этносаралық ынтымақ – ел тірегі
суреттер автордікі
(0 Votes)

Аудандық ардагерлер кеңесінде аудандық қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Негізгі мақсат – ауданның этносаралық жағдайы және 2024 жылы атқарылатын жұмыстарды талқылау болды.

Аталған шараға аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Шаяхмет Ищанғалиев және сарапшысы Жанат Жұмағалиева, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Анварбек Садыков, Мақат және Доссор кенттері, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінің мамандары және аудан ардагерлері қатысты.

Жиналыста ұйымның негізгі мақсаты және алға қойған жоспары талқыға түсті. Сондай-ақ, этносаралық қарым-қатынасты нығайту, келеңсіз жағдайдың алдын алу бойынша бірігіп, қоғамдық-мәдени шараларды ұйымдастыру жоспарланды.

Кент және ауылдық округ әкімдігінің мамандары аудан бойынша этносаралық жағдайдың қалыпты екендігін негізге алды. Сонымен қатар, аудан ардагерлері ауданымыздағы өзекті мәселелерді талдап, мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Ел жанашыры болған ардагерлеріміз тұрмысы төмен, көп балалы және жалғызбасты аналарға көмек қолын созу керектігін де атап өтті. Ауданымызда орналасқан «Демеу» қайырымдылық дүкенінің де жағдайын жақсарту үшін бірнеше шаралардың ұйымдастырылу керектігін сөз етіліп, аталмыш дүкендегі жаңа түсірілімдерді заманға сай әлеуметтік желілерден жаңа парақша ашып, халыққа тауарларды түсінікті әрі қызықты етіп жеткізу қажеттігі баяндалды.

Отырыс соңында аудандық қоғамдық келісім сарапшысы Жанат Жұмағалиева «Бата менен ел көгерер» - демекші ауданда «Батагөй» жобасын іске асырудың қажеттігін түрте өтті.

Ж.ҚАМЗА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT