Мақаттықтар «Еңбек жолы» конкурсының үздіктері

(0 Votes)

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өткізетін «Еңбек жолы» конкурсының облыстық кезеңінде биыл да ауданымыздың тұрғындары жеңіске жеткен болатын. Нақтырақ айтсақ, еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулеттердің арасында «Ең үздік еңбек әулеті» номинациясының иегері болып теміржолшы Мырзағалиевтер отбасы атанса, жұмыс өтіліне кемінде 20 жыл болған тиімді жұмыс істейтін тәлімгерлер арасында «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» болып «Доссормұнайгаз» МГӨБ Мақат мұнай дайындау және талдау цехының инженер-химигі Гүлнәр Көшкімбаева танылды. 

Мырзағалиевтер әулетінің барлық мүшелерін қоса алғанда темір жол саласындағы еңбек өтілдері 529 жылды құрайды. Ал Гүлнәр Бисенқызы қазіргі мекемесінде 30 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ол осы уақыт аралығында көптеген жас мамандардың кәсіби тұрғыдан өсіп-жетілуіне себепші болды.

Бейсенбі күні конкурс жеңімпаздары аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ербол Ермағамбетовтың қабылдауында болды. Ербол Қонысбайұлы ауданның дамуына, өндірістің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген жандарға қызметтерінде табыс, отбасыларына береке, дендеріне саулық тіледі.

Жеңімпаздарымыз бүгінгі күні республикалық деңгейдегі конкурстың жауабын күтуде.

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT