Мақаттың үздік жастары бейнеленген билборд ілінді

(0 Votes)

Мақат кентінің кіреберіс бөлігіндегі «Азаттық» көшесінде былтырғы жылдың қорытындысы бойынша үздік атанған жастар бейнеленген билборд ілінді.

Онда 15 аталым бойынша Мақат және Доссор кенттерінің мақтаныштары өзгелерге үлгі болып алыстан көз тартып тұр.

Бұл шараны аудандық жастар ресурстық орталығы мен Мақат кенті әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

«Негізінен билбордтарды ілуді наурыз айына жоспарлаған болатынбыз. Дегенмен елде орын алған төтенше жағдайға байланысты реті енді келді. Біздің идеямызға қолдау танытқан кент әкімдігіне алғыс білдіреміз»,- дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова.

Алдағы уақытта бұл билборд Доссор көшелеріне де ілінетін болады. Кент көшелерінде жастардың бұлай жарқырап тұруы, өзге замандастарына үлгі болары сөзсіз. Ал, жақсыдан үлгі алғандар жақсылыққа ұмтылары хақ. Ендігі кезекте бұл бастама жылма-жыл жалғасын тауып, дәстүрге айналсын деп тілейміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА
Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521