Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды

(0 Votes)

Бүгін, 16 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Мақат ауданының депутаттарына басқа жұмысқа ауысып кеткен Жұмабай Қарағаевтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа кандидат Шәкір Кейкин бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасаған. Өңір басшысы Ш.Кейкиннің үлкен еңбек өтілін атап өтіп, оның кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілгенін айтты.

birtopadam

talpaqob

Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын қолдап, оны жақсы басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті.

keikin

Шәкір Кейкин Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1993-2008 жылдар аралығында Жылыой ауданының түрлі коммерциялық құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет істеді. 2008 жылы Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2009-2018 жылдары Құлсары қаласының әкімі болды. 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

durysy

 

whatsappimage2019-09-16at19-03-08

Актив жиналысында жаңа әкімді таныстырған өңір басшысы Ш.Кейкинге Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: А.Таумұрынова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT