Л.Шахатов атындағы орта мектебінде мектеп психологі Жазира Сатанованың ұйымдастыруымен аудандық емхананың акушер-гинекологы Кәмшат Жәрдемқызы, нарколог Гамзат Айдарұлы және мектеп инспекторы Айсана Санатқызының қатысуымен, оқушыларға заңнамалық түсініктерді күшейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат берілді. Адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққыға, зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екені айтылды.
«Адамның бір қызығы бала деген»,-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтан да әр ата-ана өз перзентінің тағдыры үшін алаңдайтыны сөзсіз.
Жиналыс барысында жыныстық тиіспеушілік, нашақорлық, діни экстремизм, мектепішілік тәртіп тақырыптары жан-жақты талқыланып, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мектеп инспекторы Айсана Санатқызы және аурухана дәрігерлері толымды мағлұмат берді. Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тамаша сөзінің жанды көрінісіндей өткен шара өз мақсатына жетті.
М.Несіпбаева,
Л.Шахатов орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі