Мақпалдың мақпал мінезі

(0 Votes)

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Осы маман иесі болуды бала кезден арман етіп, адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, білікті дәрігер болуды қалағандардың қатарында Мақпал да бар. Мақпал Құдайбергенқызы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған соң Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне оқуға түседі. 2017 жылы аталмыш оқу орнын «жалпы тәжірибелі дәрігер» маманы болып аяқтайды. Әуелі Атырау қаласында емханада жалпы тәжірибелі дәрігер болып еңбек жолын бастайды. Кейін кезекші педиатр, кезекші инфекционист дәрігер болды. Осы жылдың сәуір айынан Доссор селолық ауруханасында жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет етіп келеді. Аз уақыт болса да, Мақпал – халықтың алғысына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жандардың бірі.

Кент тұрғындарымен етене араласып, ортаға тез бейімделді. Келісімен ауылдықтардың денсаулығын сақтау жолында қызу еңбекке араласты. Аурухананың күнделікті күйкі тірлігі, үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға жасайтын ем-шаралар жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, Мақпалдың жымиған болмысына қарап қайран қаласың. Жұмысқа деген жауапкершілігі мен махаббатының арқасында талай дертіне шипа іздегендердің айығуына жол ашып келеді. «Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек керектігі, ақ халатты кір шалдырмау керектігі де бекер айтылмайды. - Бұл салада еңбек ету өзімнің арманым болды. «Арман адамға қанат бітіреді» деген. Өз ісінің маманы болу - ұстанымым. Емделушілердің алғысына бөленсем, ол еңбегімнің жанғаны деп білемін»,-дейді жас маман.Қолы жеңіл дәрігердің біліктілігін жоғары бағалайтын кент тұрғындары дертіне дауа іздеген сәтте, ақ халатты абзал жандардың қатары осындай жас маманмен толыққанына қуанады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521