Мақат аудандық “Nur Otan” партия филиалында - жаңа басшы

(0 Votes)

Аптаның сейсенбісінде "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен Ербол Қонысбайұлы Ермағанбетов басқа лауазымды қызметке ауысуына байланысты босатылды.

"Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші орынбасары Н.Ожаевтың бұйрығымен "Nur Otan" партиясы Мақат аудандық филиалы төрағасының бipiнші орынбасары қызметіне Асылбек Әбілғазиев Кондратұлы тағайындалды.

Асылбек Әбілғазиев Кондратұлы 1986 жылы Доссор кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары.

Атырау мұнай және газ институтын есеп және аудит, Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін басқару жүйесін автоматтандыру мамандықтары бойынша бітірген.

Атырау қалалық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінде коммуналдық меншік секторының бас маманы, болып бастаған.Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында, облыс әкімі аппаратындағы қызметтерде, Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы, «Даму» АҚ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесші, өңірлік кәсіпкерлер палатасының Мақат аудандық филиалының директоры; «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ресми кеңесші қызметтерін атқарған.

2019 жылдың 3 мамырынан 2020 жылдың 16 наурызы аралығында Доссор кентінің әкімі қызмет атқарды.

Аудан басшысы алда қыруар шешімін күткен істер күтіп тұрғандығын айтып, қызметіне сәттілік тіледі.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT