Үлкендер бір марқайып қалды

(0 Votes)

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету - адамшылықтың ең жоғары қасиеттерінің бірі болып саналады. Сол бір тамаша дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.

Өткен аптада Бәйгетөбе округінің әкімі қарттар мерекесіне орай ауыл ардагерлеріне мерекелік дастархан жайды. Оған Бәйгетөбе округіне қарасты 402-бекеті, мұнай айдаушылар стансасы зейнеткерлері де қатысты.

Қарттар мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішов, Бәйгетөбе округінің әкімі Д.Тастаев жылы жүздесулердің барысында ауыл жаңалығы мен өркендеу жолындағы жобаларымен бөлісе отыруына жағдай туғызды. Ұрпақтар сабақтастығы ел ішіндегі берекелі ғұмырға бастайды.

Аудан және кент басшылығы ардагерлерді мерекемен құттықтап, тынымсыз, адал еңбектің тағылым алар тұстары көптігін жеткізді. Бірқатар қарияларға алғыс хатпен естелік сыйлық табыс етті. Жайылған дастарханнан дәм татқан қарттар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, арнайы дайындаған ән-шашуларын тамашалады. Ардагерлер өткен күндердің сазды әндерін еске алып, қосыла бірге ән шырқап, бір марқайып қалды.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521