«ҚУАНЫШ МЕКЕНІ» – АУЫЛДАҒЫ ЖАҢА БАСТАМА

(0 Votes)

Жастардың арманына қанат бітіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан «Talaptan Grants» жобасы тағы бір жеңімпазын танытты. Доссор кентінің тұрғыны Асылбек Есжан өз идеясын қорғап, жобасы арқылы қоғамға пайда әкелуді мақсат тұтқан. Ол жақында «Talaptan Grants» жобасы аясында «Қуаныш мекені» балалар ойын алаңының абаттандыру жобасын іске асырды.

 Негізгі мақсаты – балалардың дене шынықтыруын, әлеуметтік дамуын және бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. «Бұл алаң балаларға қауіпсіз ортада ойнап, белсенді қимыл-қозғалыс арқылы денсаулығын нығайтуға, достарымен араласуға, ойлау қабілетін дамытуға және эстетикалық және мәдени орта қалыптастыруға мүмкіндік береді», - дейді жоба авторы Асылбек Жұмабекұлы.

Иә, «Talaptan Grants» - жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, кретивті идеяларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр. Бүгінде бұл жоба сәтті іске асып, Доссор кентінің балалары үшін көптен күткен қуанышқа айналды.

«Тalaptan» жобасы аясында жүзеге асқан «Қуаныш мекені» ойын алаңы – жекелей жеңген алғашқы грантым. Жалпы Доссор кентіндегі кейбір мөлтек аудандарда балаларға арналған арнайы жабдықталған ойын алаңдары жоқ. Көп жағдайда балалар бос уақытын көше бойында, аулаларда өткізуге мәжбүр. Кей ойын құрылғылары мүлде орнатылмаған немесе тозығы жеткен, қауіпсіздік талаптарына сай келмейді», - дейді ол.

– Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі балалар ойын алаңы мәселесі – тек инфрақұрылымдық емес сонымен қатар әлеуметтік және қоғамдық деңгейдегі маңызды мәселе екендігін жеткізген ол бұл проблеманы шешу балалардың денсаулығын, даму мүмкіндігін және қауіпсіз ортада өсуін қамтамасыз ету үшін өте өзекті.

«Ауданымызда қанша ойын алаңы болса да артық етпейді деп ойлаймын. Сондықтан ауылымның, соның ішінде өзім туып-өскен «Ынтымақ» мөлтек ауданының бүлдіршіндеріне осындай жағдай жасалды. Мұнда жергілікті әкімдіктің рұқсатымен ойын алаңы жабдықтармен толықтырылды. Осылайша, балалар мен олардың ата-аналары үшін ыңғайлы демалыс орны пайда болды», - дейді грант иегері.

А т а л ғ а н ж о б а жастардың арман- дарын іске асыруға, қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты мысал болып отыр. Кейіпкеріміз бұл тұста: «Жалпы, жастардың бойында елге, қоғамға пайда әкелсем деген ниет болса, мүмкіндік әрқашан табылады. Менің мақсатым да балалардың күлкісі мен шаттығы естілетін, жылы атмоферасы бар орын жасау еді.Сол мақсатым жүзеге асты десем де болады», - дейді.

М і н е , « Talaptan Grants » ж о б а с ы – жастардың қоғамға деген сүйіспеншілігін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді. Ал, «Қуаныш мекені» ба-лалар ойын алаңы – тек инфрақұрылымдық жоба ғана емес, балалардың қауіпсіздігі мен дамуына қосылған нақты үлес десек, артық айтқандық емес.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT