Ерасыл "Жігіт сұлтаны - 2023" атанды

(0 Votes)

 Аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Жігіт сұлтаны - 2023» байқауы өткізілді.

Байқауға 5 қатысушы қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынасты.

Атап айтқанда жігіттер I-кезең «Өзге емес өзім айтам өз жайымда» таныстыру, II-кезең «Талантыңмен таң қалдыр», III-кезең «Шебердің қолы ортақ», IV-кезең «Сұрақ-жауап», V-кезең «Шыныққан шымыр болар» кезеңдері бойынша сынға түсті.

Қазылар алқасының шешімімен, Доссор мәдениет үйі және Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінен қатынасқан үміткерлер Бағытов Қайырбек, Бөрібаев Ербұлан ІІІ-орын, Мақат балалар өнер мектебінен қатынасқан Қазбеков Мейрамбек ІІ-орын, Доссор мәдениет үйінен қатынасқан Маңғыстауов Мәди І-орын иеленсе, Мақат балалар өнер мектебінен қатынасқан Мұсаев Ерасыл байқаудың «Бас жүлдесін» иеленді.

Аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Исполов байқау қатысушыларына алғыс білдіріп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521