Электр жарығына қосылу рәсімі

(0 Votes)

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін кейбір техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану Ережесіне сәйкес, жаңадан пайдалануға берілетін немесе қайта жаңартылған электр қондырғылары, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін, қосуға арналған техникалық шарттарды мынадай мерзімдерде береді:

- қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі - кВт) - 5 жұмыс күні ішінде; - қуаты 200-ден 1000 кВт –қа дейін - 10 жұмыс күні ішінде; - қуаты 1000 кВт асатын - 15 жұмыс күні ішінде. Құрылыс салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға уақытша техникалық шарттар беріледі. Электр желілеріне энергия беруші ұйымның немесе электр қондырғыларына энергия өндіруші ұйымдарға қосудың техникалық мүмкіндігі бар болған жағдайда, техникалық шарттар беру жүзеге асырылады. Техникалық шарттарды қайта ресімдеу мен бергені үшін төлем алынбайды. Тұтынушыларға құрылысқа арналған жобалау құжаттаманы алу, электр қондырғыларын жөндеу немесе жаңғырту үшін, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғанына дейін, техникалық шарттар берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. Электр қондырғыларының жобалық шешімдерін келістіру техникалық шарттарға сәйкес, мынадай мерзімдерде беріледі:

- электр қуаты 200 кВт – қа дейінгі электр қондырғыларына - 3 жұмыс күні ішінде;

- қуаты 200 кВт-1000 кВт – қа дейін - 7 жұмыс күні ішінде;

- қуаты 1000 кВт –тан асатын - 12 жұмыс күні ішінде. Тұтынушылардың электр қондырғыларына қосылуына, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар кернеуді пайдалануға беру кезінде, келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

- тұтынушылардың электр қондырғыларына қосылу үшін, тапсырылған материалдардан кейін, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым сыртқы қосу жүйесі мен электр энергиясын коммерциялық есепке алу мүмкіндігінің жүзеге асырылуын тексеріп, пайдалануға беру қорытындысын – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

- энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға шартты жасасу туралы электрмен жабдықтау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен жабдықтау шартына қол қойылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді;

Жобалаушыға сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы жөнінде электрондық нысанда хабарлама жіберу жеткілікті. Сондай-ақ, ҚР энергетика Министрлігімен бекітілген "электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу" Дүниежүзілік банктің "Doing Business" "электр жеткізулер сапасы" бәсекеге қабілеттілігі, Жаһандық индексінің Дүниежүзілік экономикалық форумы рейтингісінің көрсеткіштерін жақсарту жоспарын іске асыру мақсатында, нормативтік көрсеткіштерді, электрмен жабдықтау сенімділігін, сондай-ақ айқындалған тәртібін, энергия беруші ұйымдардың көрсеткішін есептейді. Электрмен жабдықтау сенімділігін бағалау үшін қызмет көрсету, электрмен жабдықтау орташа санының ажырату көрсеткіші, бір тұтынушының электрмен жабдықтау желілері (SAIFI) қолданылады және орташа ұзақтығының ажырату көрсеткіші бір тұтынушының электрмен жабдықтау желілерін бір күнтізбелік жыл ішінде (SAIDI) қолданылады. Сонымен қатар, ҚР Кодексінің «әкімшілік құқық бұзушылық» 300-1 бабына сәйкес, энергия беруші ұйымдардың, электрмен жабдықтау сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, энергия беруші ұйымдарының басшыларына электрмен жабдықтау сенімділігінің бекітілген көрсеткіштерін асырғаны үшін, ұйым басшылығы жауапкершілікке тартылады.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы Ару АЛТАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT