Доссорда 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

(1 Vote)

Өңіріміздегі ең өзекті мәселенің бірі – баспана. Оны шешу жолында қолға алынған жобаның бірі – көпқабатты тұрғын үй құрылысы.

Кеше, 31 шілде күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында құрылған бақылау тобымен Доссор кентіндегі 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы нысанында болды.

Нысан құрылысын  «Аманқұрылыс» ЖШС-гі жүргізуде.  Аталмыш учаске шебері Ғалымжан Өтепов бүгінде үш қабатты үй құрылысының бірінші қабатын кірпішпен қалау жұмыстары жүріп жатқандығын баян етті.

uisaly

kran

Құрылыс басында 40 адам еңбек етуде.

Халық қалаулылары құрылыс алаңындағы көзге оғаш көрінген бірқатар көріністердің талапқа сай келмейтіндігін айтып, сынап салды. Қарапайым жұмыс киімдерімен қамтылмаған жұмысшылар арнаулы аяқ киім, каска, көзәйнексіз жұмыс басында жүр. Сол сияқты құрылыс алаңына кіре берістегі нысан паспорты мен қабылдау бөлімінің өзі талапқа сай жарақтандырылмапты.

Бақылау тобы тарапынан табалдырықтан басталар негізгі ережелер мен қағидаларды сақтау ескертілді.

Е.МЫРЗА,

суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT