Жақында Алматы қаласында халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өткен «ЖАС ЖҰЛДЫЗ» өнер байқауда №2 бастауыш мектебінің 2 сынып оқушысы Бүркіт Құмар бейнелеу жанры бойынша бас жүлдеге ие болды.
Жетекшісі Маржан Елемесқызына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жас ұрпақты қолдап қорғау - болашақты қорғау. Жастар – ел тірегі» деген ойын ұстана отырып, шәкірттерінің бойына білім мен біліктілікті қатар дарытқаны үшін алғыс хаты табыс етілді.
Баланың білім алып, жан-жақты тәрбиесі мен есеюіне ата-анамен қатар, ұстазының да ықпалы зор екенін Бүркіттің ана сөзге тиек етті.
«Ұлымыздан күтер үмітіміз зор. Оның білімі мен эстетикалық тәрбиесіне мұғалімі Маржан Кетебаеваның еңбегі ұшан-теңіз. Баланың өмірге ынтасын оятып, білімге құштарлығын арттырып, үлкен жетістіктерге бастап жүргеніне зор алғысымызды білдіреміз. Маржан Елемесқызының еңбегіне табыс, жас ұрпақ тәрбиесіндегі әрбір ісіне абырой тілеймін», - дейді жүлдегер баланың анасы Оксана Айкашева.
Сондай-ақ Бүркіт Құмар наурыз айында өтетін Анталия қаласына жолдама, 50 мың теңгелік ақшалай сертификат, киноға түсуге жолдама және төс белгіге ие болды.
Г.Жұбанышқалиева