«Борышкер» іс-шарасы өткізілуде

(0 Votes)

Биылғы жылдың 6 айында АІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесімен аудан көлемінде барлығы 3989 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция подполковнигі Қ.Сыдықовтың нұсқауымен аумақтық жергілікті полиция қызметімен ҚР ӘҚБтК-нің 900 және 901 баптарының талаптарына сәйкес көлік құралы басқару құқығынан сот қаулыларымен айырылып, сақтауға тапсырмай жүрген тұлғалардың жүргізушілік сақтауға алып, сот қаулыларын орындау мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізілуде. Осыған сәйкес көлік құралы басқару құқығынан сот қаулыларымен айырылып күні бүгінге дейін жүргізушілік куәліктерін АІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесіне тапсырудан жалтарып жүрген азаматтар өз еріктерімен бөлімшенің әкімшілік практика тобына хабарласуларын сұраймыз. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-де көзделген баптар талаптарына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жауаптылыққа тартылған кінәсін мойындаған жеке тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 810-811 баптарын негізге ала отырып, салынған айыппұлдарды 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылған іс-жүргізумен жасақталып барлық сомманың 50 пайызын төлеумен шектелетінін ескертеміз. Ал егерде борышкермен салынған айыппұлдар өз еркімен 7 тәулік ішінде 50 пайызын төлемеген жағдайда жалпы тәртіппен қаралып, кейіннен мәжбүрлі түрде орындау үшін жинақталған іс-құжаттар сот орындаушы органына жолданатындығын қаперіңізге береміз. Сол себепті, аудан көлемінде ішкі істер органдарымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру сапасын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобы, Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы және Жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, борышкерлерден айыппұлдар өндіру мақсатында «БОРЫШКЕР» іс-шара профилактикасы өткізілетінін тұрғындар назарына береміз.

Г.ҚУАНАРҚЫЗЫ,

АІІБ-нің ӘПБ-нің әкімшілік практика тобының аға инспекторы,

полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521