Бір шаңырақ астында бөтен адам болмайды

(0 Votes)

Мамыражай мамырдың алғашқы күні бірлік пен бейбітшілік мерекесі Доссор кентін думанға бөледі.

Таң атысымен орталық алаңға жиылған жұртшылық "Бір шаңырақ астында" тақырыбындағы мерекелік шараны тамашалауға асықты. Бейбітшілік бесігін тербеткен дәстүрлі мерекені тойлау барысында өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен өнері көрерменге таныстырылды.

Шара барысында сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов және кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенжан Төлешқалиев елдің тыныштығы мен татулығын тілге тиек етіп, көпшілікті ортақ мейраммен құттықтады. Одан әрі кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Кентке қарасты білім беру бөлімдері, мәдениет ұжымдары түрлі ұлттың өнерін көпке ұсынды. Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі қазақ ұлттық биі, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі орыс ұлттық биі, А.Құнанбаев атындағы орта мектебі өзбек биі, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі қырғыз ұлтының биін ұсынса, «Ботақан» ясли бала бақшасы татар, «Қарлығаш» ясли балабақшасы украин, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты кәріс биі, "Сандуғаш» ясли балабақшасы үнді биін орындады. Кенттегі Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі ұлттық күйлерден попурри орындап, мереке көркін қыздырды.

Мәдениет үйі ұжымы да өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге мерекенің маңызын ашуға тырысты. Мұнда концерттік бағдарламадан бөлек, әр ұлттың тағамдары ұсынылып, көрікті бұйымдар көрмеге қойылды.

Шара соңында Әнел Мақсот «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындап, барлық қатысушы өнерпаздар түрлі-түсті шарларын көкке қалықтатты. Сондай-ақ, мереке аясында жәрмеңке ұйымдастырылды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521