Берекесі кеткен отбасылар азаймай тұр

(0 Votes)

Доссор кенті әкімі аппараты жанынан құрылған «Аналар кеңесі» қоғамдық тәрбие тақырыптарында жоспарлы жұмыстарын жүйелеген.

Жақында тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Берекесіз отбасылармен жұмыс» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге кент әкімі аппаратының бас маманы М.Нұрғалиева, «Аналар кеңесі» төрайымы Т.Оразбаева бастаған бір топ мүшелері, полиция бөлімшесі қызметкерлері қатысып, құқық қорғау саласы мамандарының қадағалауындағы есепте тұрған қолайсыз отбасылар ахуалы туралы зерделеу жұмыстарын қолға алды.

Мамандардың айтуынша, отбасында зорлық-зомбылық көретін әйелдердің көбі заңды некедегі жолдасы немесе азаматтық некедегі жолдасынан ішімдіктің әсерінен зорлық көріп, отбасы берекетін алуына әкеп соғатыны туралы тарқатты. Олар тұрмыстық зорлық зомбылықтан зардап шеккен отбасыларды анықтау, оларға көмек көрсету және отбасы мазасын кетірген мүшелеріне заң баптарына сәйкес қолданылған шаралар нәтижесіне тоқталды. Дөңгелек үстелге жиналғандар отбасында келеңсіз жағдайға тап болған отбасы мүшелеріне психологиялық кеңес берді.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521