Ауданда «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстарының екінші толқыны сәтті басталды. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қуаныш Исмағұлов, Мереке Басанов, Әсел Қаржауова, Нұрия Мендалиева, Бақыткүл Тиышбаева ауданға қарасты Ескене және Таскескен елді мекендеріне арнайы барып, «Есіктен – есікке» акциясын жалғастырды.
Үгітшілер тобы алдымен Таскескен бекетіндегі 11 үйге табан тіреп, тұрғындарға 2025 жылға дейінгі партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Кандидаттардың өзі есік алдына келіп тұрған соң тұрғындар жүріп жатқан саяси науқанның маңызын сұрап, өздерін толғандыратын мәселелерді айтты.
Одан әрі партия өкілдері Ескене елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Мұндағы жұртшылықта үнсіз қалмай, ауылға жол салу, газ жүргізу секілді ұсыныстарын ортаға салды.
«Ауданнан жырақта орналасса да, Ескене және Таскескен елді мекендерінің тұрғындарына үгіт жүргізуді ұмыт қалдырмадық. Тұрғындарды саяси науқанға белсене қатысуға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды бағдарламасындағы «Экономикалық тұрақты аудан», «Жайлы аудан», «Әлеуметтік бағдарланған аудан», «Жастарға арналған аудан», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аудан» атты дамудың жеті басымдылығы бар сайлауалды бағдарламаны насихаттадық. Аталған бағыттар бойынша тұрғындардың әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ететін боламыз»,- деді «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихатқа үміткер Мереке Басанов.
«Есіктен-есікке» акциясы аясында кандидаттар ауданға еңбегі сіңген еңбек ардагері Сапарғали Қадырбаев ақсақалдың шаңырағына да арнайы барды. Ардагер үміткерлерге бата беріп, «Nur Otan» партиясына абыройлы жеңіс тіледі.
Елді мекендегі сайлаушылар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізді. Тұрғындардың сөзінше, бұл бағдарламада қарапайым азаматтардың қажеттілігі барынша қарастырылып, талап-тілегі ескерілген.
Аталмыш екі бекеттің тұрғындары 10 қаңтар күні Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасқан дауыс беру орнында өз таңдауларын жасайды. Ал, бұл күні тұрғындарды қатынау үшін арнайы көлік ұйымдастырылатын болады.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді