Аптаның сейсенбісі күні аудандық прокуратураның ғимаратында Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары Бекжан Ермұханбетұлы аудан тұрғындарын қабылдады.
Ол ауданға іс-сапары аясында тұрғындардың өтінішін тыңдап, оларды мазалаған өзекті жайттарды білді. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі жол-көлік оқиғаларына қатысты мәселелер бойынша жүгінді.
Сондай-ақ, айтылған өтініштер бойынша Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары Бекжан Ермұханбетұлы тұрғындарға түсіндірме жүргізіп, тиісті шараларды қолға алып, шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға тапсырма берді. Сонымен қатар, ол айтылған мәселелерді өз бақылауына алатындығын жеткізді.
Ә.ҚАСЫМ
Суреттер автордікі